Атырау, 5 желтоқсан 07:52
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ауғанстан университеттерінде әйелдер жазған кітаптарға тыйым салынды

427 рет қаралды
Сурет: Wali Sabawoon/AP

Ауғанстанда Талибан билігі университеттер бағдарламасынан әйелдер жазған кітаптарды алып тастады. Бұл туралы BBC News Русская служба хабарлады.

Сондай-ақ, 18 оқу пәні, оның ішінде адам құқықтары, сексуалдық қысым мәселелері және әйелдерге арналған «Гендер және даму», «Әйелдердің коммуникациядағы рөлі», «Әйелдер социологиясы» сияқты пәндер шариғатқа сәйкес келмейтін деп танылып, оқытудан шығарылды.

Бұрынғы әділет министрінің орынбасары Закья Адели бұл шешімге таңғалмағанын айтып, «егер әйелдерге оқу тыйым салынса, олардың идеялары мен еңбектері де тыйымға ұшырайды» деді.

Сондай-ақ, тыйымға Иран авторларының кітаптары мен Иранда шығарылған басылымдар да қосылды. 679 кітаптан 310-ы ирандық, ал 140 кітап әйел авторлардың еңбегі. Бұл шешімнің мақсаты – «ирандық ықпалдың алдын алу» деп түсіндірілді.

Мұғалімдер бұл өзгерістер жоғары білім саласында үлкен «құбылыс» тудыратынын, әлемдік академиялық стандарттарға сай материал дайындау қиын болатынын атап өтті.

19 қыркүйек, 14:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.