
Франция президенті Эммануэль Макрон мен оның жұбайы Брижит АҚШ сотына Брижиттің шын мәнінде әйел екенін растайтын фотосуреттер мен ғылыми дәлелдер ұсынуды жоспарлап отыр. Бұл туралы BBC News Русская служба президент отбасының адвокатына сілтеме жасап хабарлады.
Материалдар блогер Кэндис Оуэнске қарсы жала жабу туралы сотқа шағымда ұсынылады. Оуэнс Макроннің жұбайы Брижиттің бұрын ер адам болғанын айтып, жалған ақпарат таратқан. Оның адвокаттары болса, істі қараудан бас тартуды сұрап отыр.
Адвокат Том Клэр BBC подкастына берген сұхбатында:
«Оуэнстің мәлімдемелері Брижитті қатты ренжіткен, ал президенттің жұмысына кедергі келтірген. Мұндай шабуылдардан ешкім сақтандырылмаған», – деді.
Клэр сондай-ақ «сотқа ғылыми сараптамалардың қорытындылары ұсынылатын болады» деп хабарлады, бірақ нақты қандай дәлелдер болатынын айтпады. Ол Макрондер блогердің мәлімдемелерінің жалған екенін толық дәлелдеуге дайын екенін айтты.
«Бұл оңай процесс емес, бірақ Брижит шындықты дәлелдеуге дайын. Ол тіпті жеке өмірге қатысты кейбір ақпаратты жариялау арқылы өзіне ыңғайсыздық туса да дайын», – деді адвокат.
Сотқа Брижиттің жүкті кезінде және балаларын өсірген кезіндегі фотосуреттер де ұсынылады. Бірақ сот жеке ақпаратты қорғау ережелерін қатаң сақтайды.
Кэндис Оуэнс – бұрын Daily Wire басылымында жұмыс істеген блогер және әлеуметтік желілерде миллиондаған оқырманы бар. Ол бірнеше рет Брижит Макроннің бұрын ер адам болғанын айтып, «Брижитке айналу» тақырыбында видеолар жариялаған.
2021 жылы француз блогерлері Амандин Рой мен Наташи Рей де Брижиттің бұрын Жан-Мишель Троньё болып, шын Брижиттің жас кезінде өлгенін, кейін ағасының оның орнына өткенін мәлімдеген. Бұл теория ешқандай дәлелмен расталмаған. Брижиттің ағасы шын мәнінде Жан-Мишель Троньё деп аталады және әлі де тірі.
Макрондер бұған дейін Францияда Рой мен Рейге қарсы жала жабу туралы сот ісін жеңген. Бірақ 2025 жылы апелляциялық сот бұл шешімді өзгерткен. Қазір Макрондар АҚШ сотында Оуэнске қарсы шағым түсіріп отыр.
Эммануэль Макрон бұл қадамды өзінің және отбасының абыройын қорғау үшін жасағанын айтты:
«Бұл – менің абыройымды қорғау. Бұл жалған ақпаратты әдейі таратқан адам, оны ультраоңшыл идеология үшін жасаған», – деді президент.
Оуэнс өз сөзін қорғап, бұл еркін сөз айту құқығы екенін және сын айту мүмкіндігі екенін айтқан.
В Атырау +4