Атырау, 5 желтоқсан 07:54
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Еуропарламенттің 52 депутаты Израильді «Евровидение-2026»-дан шығару талабын қойды

372 рет қаралды

Еуропарламенттің 15 елінен сайланған 52 депутаты Еуропалық хабар тарату одағына (EBU) ресми хат жолдап, Израильді келесі жылғы «Евровидение» ән байқауына қатыстырмауды талап етті, деп хабарлайды АА.

Депутаттардың айтуынша, Израиль Газадағы соғыс пен халықаралық құқық бұзушылықтарға байланысты жарыстан шеттетілуі керек. Олар 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін «Евровидениеден» шығарылғанын мысалға келтірді.

Хатта Израильдің жарысқа қатысуы «ЕО құндылықтарына қайшы» әрі «геноцидті ақтау» ретінде бағаланатыны айтылған.

Исландия, Ирландия, Нидерланд, Словения және Испания үкіметтері егер Израиль қатысушылар қатарында қалса, «Евровидение-2026»-ға бойкот жариялап, байқауға қатыспайтынын мәлімдеді.

Сонымен бірге депутаттар Халықаралық қылмыстық соттың Израильге қатысты әскери қылмыстар мен геноцид бойынша тергеу жүргізіп жатқанын еске салды. Олардың пікірінше, тергеу жалғасып жатқанда Израильдің мәдени іс-шараларда орын алуы орынсыз.

Еуропалық хабар тарату одағы әзірге бұл талапқа ресми жауап берген жоқ. Ұйым бұған дейін «Евровидение – саяси емес, мәдени шара» екенін бірнеше рет атап өткен. Алайда сарапшылар депутаттардың қысымы мен бірқатар елдердің бойкот қаупі EBU-ға шешім қабылдауда әсер етуі мүмкін екенін айтады.

Саясаттанушылардың айтуынша, бұл мәселе «Евровидениенің» тек мәдени емес, сонымен бірге геосаяси платформаға айналғанын тағы да дәлелдеп отыр. Кейбір елдер байқауды өнер мерекесі деп қарастырса, басқалары оны саяси ұстанымдарын білдіру алаңы ретінде пайдаланады.

19 қыркүйек, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.