Атырау, 12 тамыз 03:04
 дождьВ Атырау +23.8
$ 465.74
€ 537.23
₽ 5.62

Дереккөз: NCOC басқарушы директорының орынбасары қызметінен кетеді

1 028 рет қаралды

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, жақын арада NCOC компаниясында кадрлық өзгерістер болады, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

NCOC басқарушы директорының орынбасары Ерлан Баққожаұлы Мұқай өз қызметінен кетеді.

Ерлан Баққожаұлы ҚазМУ-ды, Роттердам менеджмент мектебін (Нидерланды, ЕМBA) бітірген, физика-математика ғылымдарының кандидаты.

Әр жылдары салық органдарында (1999-2009) еңбек етіп, "Қазақстан Инжиниринг" вице-президенті (2005-2006) болып жұмыс істеген. 2009-2012 жылдар аралығында Shell (Нидерланды) компаниясында Қашағанның 2-ші фазасының қаржы бөлімшесінде жұмыс істеді. 2012 жылы "ҚМГ" қаржы жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары болды. 2022 жылы "QAZAQGAZ ҰК" АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2022 жылдан бастап - NCOC басқарушы директорының орынбасары.


19 қыркүйек 2025, 10:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.