Атырау, 2 мамыр 06:22
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 462.91
€ 542.16
₽ 6.16

Қаламқас-теңіз және Хазардан алғашқы мұнай 2029 жылы шығады деп күтілуде

499 рет қаралды
Компанияның ресми сайтынан алынған сурет

Каспийдің қазақстандық секторындағы Қаламқас-теңіз және Хазар кен орындарынан алғашқы мұнай 2029 жылға қарай өндіріледі деп күтілуде, деп хабарлайды Нефть и газ Казахстана телеграм-арнасы.

Бұл туралы Қазақстанның энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек TNF 2025 Өнеркәсіптік-энергетикалық форумының сессиясында мәлімдеді.

"Ол жерде үш нысан бар: жағалаудағы, желілік және теңіздегі. Теңіз бөлігі бойынша консорциум анықталады, біз ресми жариялауды күтіп отырмыз", - деді ол.

Вице-министр теңіз платформасы Маңғыстау облысындағы кеме жасау және жөндеу орындарында салынатынын еске салды.

"ҚазМұнайГаз" бен "Лукойлдың" бірлескен кәсіпорны жүзеге асыратын $6,4 млрд инвестиция көлемі бар "Қалмақас-теңіз – Хазар" жобасы Қашағанды игеру басталғаннан кейінгі Қазақстандағы екінші офшорлық жоба болады. Блоктың болжамды қоры 81 млн тонна мұнай деп бағаланады.

19 қыркүйек 2025, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.