Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда 60 келіге жуық бекіре балығы мен уылдырық тәркіленді

535 рет қаралды

Атырау облысы полиция департаментінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы «Учаске» және «Бекіре-2025» жедел-профилактикалық шаралары барысында бекіре балығы мен уылдырығын заңсыз сатумен айналысқан екі күдіктіні ұстады.

Күдіктілердің үйлерін тексеру кезінде 9 дана бекіре балығы (56,8 келі) және 500 грамм уылдырық табылды. Сондай-ақ олардың автокөлігінен 1,6 келі бекіре балығы мен 500 грамм уылдырық тәркіленді.

Бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 339-бабының 2-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, сот үкімі шыққанға дейін күдіктілер кінәлі деп танылмайды.

18 қыркүйек, 18:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.