Атырау, 26 желтоқсан 04:10
 ашықВ Атырау -7
$ 512.81
€ 604.19
₽ 6.57

Атырау әуежайында шетелдік туристерге QR-коды бар карталар таратылды

319 рет қаралды
"АЖ" коллажы

Қазақстанда шетелдік туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін QR-коды бар туристік карталар таратылады. Олар шекара бекеттерінде, әуежайларда, вокзалдарда және ХҚКО-ларда беріледі.

Атырауда полиция қызметкерлері көші-қон басқармасымен бірлесіп, шетел азаматтарына құқықтық кеңес беріп, қаланың мәдени және тарихи орындары туралы ақпарат ұсынды.

QR-карта арқылы туристерге қолжетімді ақпараттар:

  • “102” мобильді қосымшасы және SOS батырмасы;

  • Көші-қон талаптары;

  • Такси қызметтері мен бағалары;

  • SIM-карталар және байланыс операторлары;

  • Мәдени және тарихи орындардың мекен-жайы.

Жаңа жүйе туристердің қауіпсіздігін арттырып, Қазақстандағы туризмді дамытуға және елдің халықаралық имиджін нығайтуға септігін тигізеді.

18 қыркүйек, 14:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.