Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​№47/48 «Астана – Атырау» ​пойызына 2026 жылы жаңа вагондар қосылады

371 рет қаралды

Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның теміржол жолаушылар тасымалы саласындағы аса маңызды және өзекті мәселелерге арналған брифингінде айтылды. 

Компания мамандары жолаушылар вагондарының паркі 2030 жылға қарай толығымен жаңартылатынын еске салды. Жылжымалы құрам паркінде қазір орташа жылы 16 жылды құрайтын 2 188 вагон бар. Соңғы 10 жылда Ұлттық тасымалдаушы паркі 50% жаңарды. 

Мәселен, жылжымалы құрамды жаңғырту шеңберінде Stadler компаниясымен 2030 жылға дейін купе, плацкарт, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған мамандандырылған вагондар мен генератор-вагондарды қоса алғанда 557 вагон шығаруды көздейтін келісімшартқа қол қойылды. 

Жаңа вагондар заманауи ауа баптау жүйесімен, бейнебақылаумен, электр жылытумен және автоматты өрт сөндіру жүйесімен жабдықталады. Жолаушылардың жайлылығы үшін әр купеде электр розеткалары мен ұялы телефондарды қайта зарядтауға арналған USB қосқыштары орнатылады.

Вагондардың бірінші партиясы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға 2025 жылдың соңына дейін беріледі. Сонымен қатар, зауыт жеткізілген вагондарға 20 жылға техникалық қызмет көрсетуді өз мойнына алады, бұл олардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етеді және қызмет ету мерзімін ұзартады.

Айта кетейік, Stadler вагондарының бірінші партиясы келесі жылдан бастап 4 бағытта: №3/4 «Астана – Алматы», №353/354 «Астана – Семей», №85/86 «Астана – Шымкент», №47/48 «Астана – Атырау» бағыттарында іске қосылады.


18 қыркүйек, 12:07

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.