Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Махамбет ауылындағы ерекше балалар интернатын күрделі жөндеу мәреге жетпей, тоқтап қалды

Сурет
442 рет қаралды

Өткен жылы оқу ғимараты мен екі жатақханасына күрделі жөндеу жұмысына 1 млрд 189 млн теңге бөлінген. Тапсырысшы мектеп интернат, жұмыс 2024 жылдың 4 шілдесінде басталып, сол жылдың желтоқсанында бітіру міндеттелген. 

120 орындық  зерде дамуында бұзылыстары бар балаларға арналған №2 арнайы мектеп-интернатының ғимараты 1974 жылы салынған. Елу жылдан бері күрделі жөндеу жұмысы жүрмегендіктен шатырынан су кетіп, коммуналдық инженерлік жүйесі әбден тозып, есік, терезесі ашылып жабылмайтын күйге түсті. 


Бүгінде құрылыс жұмысының 95 пайызы атқарылып тұр дегенмен сыртқы абаттандыру жұмысы мен спортзалдың еденін төсеу жұмысы қалып тұр. Ғимараттың кіреберіс бөлмесі де аяқталмаған, есік алдына төселетін төсемтастар мен кафель, автомобиль жолы, суағаралар, балалар ойын алаңдары қашан жасалатынын тапсырысшының өзі білмейді. Айра-жайрасы шығып жатыр. Мұнда күзетшіден басқаны көрмедік, тым-тырыс, ауласының есігі сыммен бекітілген. 

- Жасалған жұмысына орай қаржының 10 пайызынан басқасы мердігердің есепшотына  аударылды. 1,5 айдан бері мұнда жұмыс тоқтап қалып тұр, мердігер кепілдік хатын беріп қыркүйектің 15-інде жұмыс бастаймыз деген,әлі жоқ. Мердігерді өзім іздеп жүргенім, олар өздігінен хабарласпайды, телефон соғамын,, шаршатып тұр, - дейді налыған мектеп-интернат директоры Үміт ҚАБАЗОВА.

Жұмыстың аяқталу мерзімі де өзгертіліп, 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін ысырылған. Бүгінде осы мектеп интернатта тәрбиеленіп жатқан 60 бала «Арай» лагеріне орналастырылған. Интернеттің жоқтығынан қызметкерлер Д. Төленов атындағы жатақхананың екінші қабатына уақытша қоныстаныпты. Осылайша жан-жақта шашырап жүру мектептегі тәрбиеленуші мен қызметкерлерге оңай болып тұрған жоқ.

- Бізге мердігер ғимарат іші біте келді ғой, кіре бермейсіңдер ме дейді. Ауласының астаң-кестеңі шығып жатқан жерге қалай орналасамыз, әрі жиһаздары келу керек. Күз келді, күн суытып жатыр, жұмысты тез аяқтаса дейміз, - дейді Ү. Қабазова кетерде.

Ерекше балаларға, ерекше күтім керек. Бөлінген қаржы қомақты болғанымен жұмыс күші аз. Ол туралы бөлек мақала жазылатын болады. 

Жөндеуден гөрі ақшаны игеру оңайырақ екенін өз көзімізбен көрдік.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

18 қыркүйек, 12:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.