
Атырауда алғаш рет ТМД көлемінде құрылыс сатыларын құрастыру бойынша «PetroScaffChamp – 2025» чемпионаты ұйымдастырылды. Іс-шараны Petrocouncil, халықаралық Layher компаниясы және APEC PetroTechnic жоғары колледжі бірлесіп өткізді.
Жарыс APEC PetroTechnic колледжінің базасында өтті. «SAPSAN», «PSI Services» және «NSS» командалары құрылыс сатыларын құрастыру мен бөлшектеудегі шеберліктерін көрсетті. Қазылар алқасы мұнай-газ және мұнай-химия саласының жетекші мамандарынан құралды.
Petrocouncil төрағасы Асылбек Жакиев чемпионаттың мақсаты – жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтеру, жастардың қызығушылығын арттыру және кәсіби дағдыларды дамыту екенін атап өтті.
Чемпионатқа 100-ден астам маман мен студент қатысты. Сонымен қатар спорттық сайыстар, армрестлинг және викториналар ұйымдастырылды. Жарыс қорытындысы бойынша 1-орын «SAPSAN», 2-орын «NSS», 3-орын «PSI Services» командасына бұйырды.
В Атырау +2 













