
Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып отырған «Talaptan» жобасы облыстың барлық ауданында белсенді жүргізілуде. Бағдарламаның басты мақсаты – ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалану мен олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру.
Жыл басынан бері 7 аудан көлемінде шамамен 40 іс-шара ұйымдастырылып, 4000-нан астам жас қамтылды. Әр ауданның өз ерекшелігін ескере отырып, кездесулер, спорттық жарыстар мен мәдени шаралар өткізілді. Мысалы, Құрманғазы ауданында «Talaptan Kurmangazy» дөңгелек үстелі, «We Talk» консультациялық алаңы және футбол турнирі ұйымдастырылса, Махамбет ауданында «Talqyla» диалогтық кездесуі, зияткерлік сайыс пен спорттық жарыстар өтті. Индер, Мақат, Қызылқоға, Исатай және Жылыой аудандарында да жастардың белсенділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар өткізілді.
Сонымен қатар, жобаның аясында алғаш рет «Talaptan Grants» гранттық бағдарламасы іске қосылды. Әр ауданға жалпы 3 млн теңге бөлініп, үш жобаға 1 млн теңгеден шағын грант берілетін болады.
Жоба жастарға мемлекеттік қолдау тетіктерін таныстырумен қатар, кәсіпкерлік пен жұмыспен қамту мүмкіндіктерін кеңейтуге де бағытталған.
В Атырау +2