Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудағы бизнесмендер жалған шот-фактура арқылы ақша заңдастырғаны үшін сотталды

510 рет қаралды
Видеодан скриншот

Атырау қаласының соты экономикалық қылмыс жасаған адамдар тобына қатысты үкім шығарды. Тергеуді Қаржы мониторингі агенттігінің Атырау облысы департаменті жүргізді.

Тергеу нәтижесінде А.С. Тюякпаев, С.А. Аргалаш және А.С. Булатовтың қатысуымен 8 млрд теңгеге жалған шот-фактуралар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру және салықтан жалтару схемасы құрылғаны анықталды. Осы әрекеттерден мемлекетке 590 млн теңгеден астам залал келтірілген.

Сонымен қатар, Тюякпаев 342 млн теңгені бақылауындағы компаниялардың есепшоттары арқылы өзінің жұбайының жеке шотына аударып, заңдастырған.

Сот шешімімен 4 автокөлік, 2 пәтер және бір тұрғын үйге тыйым салынды. Тергеу барысында 236 млн теңге өз еркімен өтелді.

Сот үкімі бойынша Тюякпаев, Аргалаш және Булатов кінәлі деп танылып, 2 жыл 4 айдан 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық жолмен алынған мүлік — Атыраудағы пәтер мен автокөлік — мемлекет пайдасына тәркіленді. Қалған мүлікке қатысты азаматтық талап шешілгенге дейін сақталатын болады.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

17 қыркүйек, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.