Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​ҚазМұнайГаз Баку-Тбилиси-Джейхан құбыр жүйесі арқылы мұнай жөнелтуді қайта бастады

266 рет қаралды
Сурет: ҚМГ баспасөз қызметі

13 қыркүйекте Ақтау портынан Баку-Тбилиси-Джейхан бағытына қарай Қашаған мұнайының 8,8 мың тоннасы жөнелтілді, келесі партия 20 қыркүйекке жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚМГ баспасөз қызметі. 

Аталмыш бағыт бойынша мұнай тасымалы биыл тамыз айында тоқтатылған еді.

Компанияның мәліметі бойынша, БТД бағыты бойынша 2025 жылдың 8 айында Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 0,9 млн тоннаны құрады.

Еске сала кетсек, 2022 жылы ҚМГ мен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Қазақстан мұнайының транзиті туралы бас келісімге қол қойылды. 2024 жылы ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды.

17 қыркүйек, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.