Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Екпе мен скрининг: Атырауда әйелдер арасындағы онкология ауруымен қалай күресіп жатыр?

Бейнежазба
332 рет қаралды
Көрнекі сурет

Атырау облысында бүгінде 5620 науқас онкологиялық аурулар бойынша есепте тұр. Оның ішінде 1600-дей әйел жатыр мойны және сүт безі қатерлі ісігімен ауырады.

Бұл туралы жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы екпенің маңыздылығын түсіндіру мақсатында өткен семинарға қатысқан мамандар айтты. 

Дәрігерлердің айтуынша, уақытында жасалған скрининг қатерлі ісікке әкелуі мүмкін ауруларды ерте анықтап, алдын алуға мүмкіндік береді. Әсіресе 11-13 жас аралығындағы қыздарға ата-аналарының рұқсатымен жатыр мойны қатерлі ісігіне қарсы вакцина егу мәселесіне база назар аударылды. 

- Екпе екі кезеңнен тұрады, біріншісі мен екінші екпенің арасы — алты ай. Осыған байланысты медбикелер арнайы оқытудан өтіп, ата-аналарға екпенің маңыздылығын дұрыс жеткізу бойынша дайындықтан өтті., - деді Атырау облыстық Онкология диспансерінің директоры Эльмира Сапарова.

Бұрын бұл дерт көбіне 50 жастан асқан әйелдер арасында кездессе, соңғы кездері жас талғамай отыр. Кейінгі жылдары 90 жасқа таяған қариядан және жүкті әйелден де қатерлі ісік анықталған.

Еске сала кетсек, былтыр Қазақстанда онкологиялық аурумен ауыратын науқастардың жалпы саны 230,9 мың адам болған. 

17 қыркүйек, 15:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.