
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аудан бойынша 15 орта мектеп, мектептен тыс 4 мекеме, 11 балабақша, 12 денсаулық сақтау нысаны, 10 мәдениет мекемесі, балалар мен жасөспірімдерге арналған 4 спорт мектебі, 10 бюджеттік мекеме және 11 су тазарту қондырғысы қысқы кезеңге әзірленді.
Индербор кентіндегі көпқабатты 18 тұрғын үй орталықтандырылған сегіз қазандық арқылы жылытылады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.
Дайындық аясында 42 іс-шара жоспары бекітіліп, олардың 35-і толық орындалды. Қалғаны мемлекеттік сатып алу порталында жарияланған.
⁃ Ауданға қарасты ауылдық округтерде су тазарту қондырғылары, жылу қазандықтары, трансформаторлар, насостар орнатылып, жөндеу жұмыстары жүргізілді. Көпқабатты үйлердің жылу ғимараттары мен әлеуметтік нысандардың жылыту жүйелері жаңартылды, - деді аудандық ТҮКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Шапағат Ғаббасов.
В Атырау +2