Атырау, 5 желтоқсан 18:58
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Куәлігі жоқ жүргізушілер және заңсыз тасымалдаушылар: Атырауда жол ережесін бұзғандар анықталды​

Бейнежазба
321 рет қаралды

Атырау қаласы аумағында 15–30 қыркүйек аралығында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Шара барысында бірқатар құқықбұзушылықтар тіркелді. Мәселен, Азаттық даңғылы мен Абай көшесінде жүргізуші куәлігінен сот шешімімен айырылған 1990, 1986 және 1994 жылы туған ер адамдар көлік басқарғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, іс материалдары арнайы мамандандырылған сотқа жолданды.

Атырау – Доссор тас жолында Hyundai Elantra және Lada көліктері белгіленбеген жерден бұрылған. Жүргізушілерге ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабы 3-бөлігі бойынша хаттама жасалды. Сонымен қатар, қала ішінде заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналысқан шетелдік автокөліктер де анықталды.

Патрульдік полиция қызметкерлері тәулік бойы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігін ескертіп отыр.


17 қыркүйек, 14:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.