Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

БҰҰ Бас хатшысы: Қауіпсіздік Кеңесінің құрылымы қазіргі әлем болмысына сай келмейді

251 рет қаралды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесін реформалау «өте қисынды қадам» екенін айтты. Оның айтуынша, қазіргі құрылым бүгінгі заманға емес, 1945 жылғы жағдайға негізделген.

Нью-Йорктегі БҰҰ штаб-пәтерінде өткен баспасөз мәслихатында ол Қауіпсіздік Кеңесі әлемдік мәселелерді шешуде жиі «тұйыққа тіреліп қалатынына» назар аударды, деп хабарлайды АА.

«Ең алдымен, мен Қауіпсіздік Кеңесін реформалау – өте қисынды қадам деп санаймын. Өйткені оның құрылымы 1945 жылғы жағдайға сай жасалған. Ал қазір ол заңдылық пен тиімділік тұрғысынан проблема туғызып отыр», – деді Гутерриш.

Сондай-ақ ол тұрақты мүшелердің вето құқығын шектеу туралы ұсыныстар бар екенін айтты. Әсіресе, бұл адам құқықтарының өрескел бұзылуы немесе басқа да ауыр жағдайларда қарастырылуда. Бірақ мұндай бастамаларды жүзеге асыру мүше мемлекеттердің өз құзырында екенін атап өтті.

Гутерриш өзін Қауіпсіздік Кеңесін реформалау мәселесін ашық әрі тұрақты түрде көтерген алғашқы Бас хатшы екенін жеткізді. «Бұрын бұл тақырып мүлде жабық болатын, ал қазір ол Бас Ассамблеядағы негізгі талқылаулардың біріне айналды», – деді ол.

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі 15 мүшеден тұрады: оның ішінде 5 тұрақты мүше бар – АҚШ, Ресей, Қытай, Ұлыбритания және Франция. Бұл елдерде вето қою құқығы бар. Сонымен қатар, әр екі жыл сайын сайланатын 10 тұрақты емес мүше болады. Қауіпсіздік Кеңесі – БҰҰ-дағы жалғыз орган, оның шешімдері міндетті болып саналады және санкциялармен бекітілуі мүмкін.

17 қыркүйек, 11:54

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.