
Бұл туралы «Атырау жылу жүйелері» ЖШС хабарлады.
«Атырау жылу жүйелері» ЖШС ағымдағы жылдың 17-18 қыркүйек аралығында магистралды және тарату жылу желілерінде гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынау жұмыстарын жүргізеді. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру уақытша тоқтатылады.
Қауіпсіздік үшін, механикалық жарақаттарды (жазатайым оқиғаларды) болдырмау үшін сынақ өткізілетін кезеңде жылу құбырларына 10 метрден кем қашықтықта жақындамау, қауіпті аймақта балаларды, үй жануарларын, автокөлікті және басқа да жеке заттарды қараусыз қалдырмауды сұрайды жылу желісінің мамандары.
Құбырларда судың ағуы мен жарылуы орын алған жағдайда төменде көрсетілген телефондар бойынша дереу хабарласу қажет: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58
В Атырау +2