
«QazaqGaz» АҚ-ның еншілес компаниясы болып табылатын «GPC Investment» ЖШС-нің бас директоры болып Әлішер Қобланов тағайындалды, деп хабарлайды PetroCouncil.
Әлішер Нұрмаханбетұлы Қобланов 1963 жылы 17 желтоқсанда Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Жас Кешу ауылында дүниеге келген. 1981 жылы Шымкенттегі Қазақ химия-технология институтын "инженер-химик-технолог" мамандығы бойынша бітірген.
Қоблановтың еңбек жолы мұнай-газ саласымен байланысты:
- 19 жылдан астам уақыт Теңізшевройл (ТШО) компаниясында Теңіз жобасында жұмыс істеді - техникалық қызмет көрсету бойынша супервайзер, шикі газды айдау учаскесінің супервайзері, 3-ші буынды газ бүрку жүйелерін іске қосу бойынша аға кеңесші, процестердің қауіпсіздігі бойынша үйлестіруші, қышқыл газды айдау қондырғысының учаске басшысы, зауыттан тыс аймақты техникалық қызмет көрсету бойынша басшы;
- 2012–2015 жылдары Қытайдағы Southwest Oil & Gas Company компаниясында күкірт зауытының супервайзері қызметін атқарды;
- 2020 жылдан 2025 жылға дейін — Теңіздегі зауыттың учаске супервайзері;
- 2025 жылдың шілдесінде GPC Investment құрылысы жөніндегі директордың орынбасары болып тағайындалды.
В Атырау +4