
«KMG Barlau» ЖШС (ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы) Атырау облысында Береке учаскесінде 1500 шаршы километр болатын 3D және Ұлытау облысында Шу-Сарысу учаскесінде 1800 бойлық километр болатын 2D дала сейсмикалық барлау жұмыстарын қолға алды.
2025 жылдың басында ҚМГ аталмыш екі учаске бойынша, сондай-ақ қазіргі уақытта тарихи деректерді өңдеу іс-шаралары жүргізіліп жатқан Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесі бойынша жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия алды. Шығыс учаскесінде 500 бойлық километр көлемінде 2D сейсмикалық барлау жұмыстары 2026 жылға жоспарланып отыр.

2025-2027 жылдарға арналған аталмыш жер қойнауын геологиялық зерттеу жобалары ел аумағының геологиялық зерттелуін арттыру үшін және республикадағы көмірсутектің ресурс қорын ұлғайту мақсатында мұнай-газды барлау мен өндіру үшін перспективті учаскелерді іздеуге бағытталған ҚазМұнайГаздың стратегиясы аясында іске асырылады.
Осы кезеңнің өзінде жобалар ҚМГ өткізетін геологиялық барлауға халықаралық инвесторларды тарту жөніндегі жаһандық роуд-шоу бағдарламасына енгізілді.
Мұндай тәсіл 2022-2025 жылдары жер қойнауын геологиялық зерттеу жобаларының бірінші кезеңін іске асыру кезінде өзінің тиімділігін дәлелді. Оның нәтижелері бойынша Sinopec (Березовский жобасы, Батыс Қазақстан облысы), Shell, Chevron (Мұғалжар жобасы, Ақтөбе облысы) және басқа да компаниялардан инвестиция тартылған болатын.
В Атырау +4