Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Отынның келешегі: Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарына қойылатын талапты күшейтеді

331 рет қаралды

Энергетика министрлігі мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіру мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңға түзету енгізу тұжырымдамасын дайындады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құжатта "сұранысқа ие мұнай өнімі" ұғымы енгізіледі — көлікте, энергетикада, сондай-ақ құрылыста және майлау материалдарында пайдаланылатын отын. Өндірушілер мұндай мұнай өнімдерін жалпы өндірістің кемінде 45%-ы көлемінде шығаруға міндетті болады.

Қазіргі уақытта ірі зауыттарда ("АМӨЗ" ЖШС, "ПМХЗ" ЖШС, "ПҚМӨЗ" ЖШС) сұранысқа ие мұнай өнімдерінің үлесі 60–75%-ды құрайды. Алайда елде жалпы қуаты жылына 4,5 млн тоннадан асатын 30-дан астам шағын мұнай өңдеу зауыты жұмыс істейді, олардың өнімдері стандарттарға сәйкес келмейді және көбінесе жартылай фабрикат ретінде шетелге шығарылады.

Жаңа талаптарды 2029 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізу жоспарланып отыр. Энергетика министрлігінің пікірінше, бұл ішкі нарықты нығайтуға және шығарылатын өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Түзетулер жобасы 30 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

16 қыркүйек, 16:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.