Атырау, 15 ақпан 03:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 496.00
€ 588.01
₽ 6.42

​Өңір диқандары 100 мың тоннадан астам өнім жинады

306 рет қаралды

Өңірде 4 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелсе, оның 280-нен астамы егін шаруашылығына маманданған. Биылғы маусым басталғалы жалпы көлемі 104,5 мың тонна өнім алынды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Жиналған өнімнің ішінде:

  • 48,6 мың тонна – көкөніс,
  • 35 мың тонна – бақша өнімдері,
  • 5 мың тонна – картоп,
  • 16 мың тонна – мал азығы.

Аймақтағы егіс көлемі жалпы 9,3 мың гектарды құрайды.

Маусымдық өнімдерді тек жергілікті тұрғындарға ғана емес, көршілес өңірлерге де жеткізіп отырған шаруашылықтардың бірі – Махамбет ауданындағы «Агрофеликс» қожалығы. Мұнда 100 гектар жерге егін егілген.

– Қазір пияз, сәбіз, қырыққабат, картоп жиналуда. Жұмысқа 40-тан астам адам тартылды. Жоспар бойынша науқан қараша айында толық аяқталуы тиіс, – деді қожалық агрономының көмекшісі Александр Хан.

Жиналған өнімдер тікелей тұрақтандыру қорына жеткізіліп, сұрыпталғаннан кейін қала мен аудан дүкендеріне төмен бағамен саудаланатын болады.

16 қыркүйек 2025, 15:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.