Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүмкіндік: Атырауда спорт қолжетімді

226 рет қаралды

Өңірде мүмкіндігі шектеулі жандардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуда. Осы мақсатта «Мүгедектер спорттық клубы» жанынан облыстың жеті ауданында бапкерлер мен спорт нұсқаушылары жұмысқа қабылданды. Сондай-ақ спортшыларды жаттығу орындарына жеткізу үшін алты арнайы көлік бөлінді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Нұрбол Сыдықовтың айтуынша, атыраулық параспортшылардың нәтижелері жоғары. Париж Паралимпиадасына аймақтан 16 спортшы қатысып, ел тарихында алғаш рет паражеңіл атлетика мен паратеннистен жолдама иеленді. Сонымен қатар парадзюдодан екі спортшы қола жүлде еншілесе, параволейбол, паражеңіл атлетика және паратаеквондо бойынша бесінші орындарға қол жеткізді.

Қазіргі таңда облыста 20 мыңнан астам бала спортпен айналысады. Олардың дайындығы үшін 1400-ге жуық спорт секциясы жұмыс істеп тұр. Өткен жылы 158 жаңа секция ашылса, биыл тоғыз айда 98 секция іске қосылды. Балалардың жарыстарға қауіпсіз қатысуын қамтамасыз ету үшін 18 автобус бөлінген. Бұдан бөлек, жетістіктеріне қарай спортшыларға ай сайынғы төлемақы тағайындалып, қазір 120-ға жуық жасөспірім спортшы осы қолдауға ие болып отыр.

Келер жылы өңірде жеті жаңа спорт кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

16 қыркүйек, 15:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.