Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

АМӨЗ-дің экс-басшысы ҚМГ еншілес компаниясына лауазымға​ тағайындалды

322 рет қаралды

«ҚМГ Инжиниринг» ЖШС компаниясында мұнай өңдеу және мұнай-химия бағытындағы жаңа басқарушы директор тағайындалды. 

Бұл қызметке Мұрат Досмұратов келді. Ол мұнай-газ саласында шамамен 40 жылдық тәжірибесі бар маман.

Мұрат Досмұратов 1985 жылы Мәскеу мұнай-химия және газ өнеркәсібі институтын «Инженер-химик-технолог» мамандығы бойынша бітірген, 1990 жылы кандидаттық диссертациясын қорғаған.

Еңбек жолын Шымкент МӨЗ («Петро Қазақстан Ойл Продакс» ЖШС) зауытында бастаған. Мұнда оператордан бастап бас технолог дәрежесіне дейін өскен. Кейін ҚМГ, Kazakhstan Petrochemical Industries, "Біріккен химиялық компания" ЖШС, KPI Inc., KLPE компанияларында жетекші қызметтер атқарған, сонымен қатар Атырау МӨЗ-ін басқарған.

Ол жұмыс барысында ірі мұнай өңдеу және мұнай-химия жобаларын іске қосуға қатысып, технологияны дамыту мен өндірістік тиімділікке ерекше көңіл бөлген.

Айта кетейік, биыл тамызда Мұрат Досмұратов АМӨЗ-дегі жылу алмастырғышты жөндеу ісі бойынша кінәсіз деп танылды.

16 қыркүйек, 11:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.