Атырау, 5 желтоқсан 07:51
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Израиль Газа қаласына шабуыл бастады

244 рет қаралды

Израиль армиясы бірнеше апталық бомбалау әрекеттерінен кейін Газа қаласына шабуыл бастаған деп хабарланды. Бұл туралы израильдік, арабтық БАҚ және америкалық Axios басылымы жазды, деп хабарлайды BBC News Русская служба.

Axios басылымы жоғары лауазымды израильдік әскерилерге сілтеме жасап, дүйсенбі күні құрлық әскерлері Газадаға кіргенін хабарлады, ал олардың артынан қосымша күштер келмек.

Jerusalem Post газеті шабуылдың басталғанын «растауға болады» деп жазды, бірақ ақпарат көздерін нақтыламайды.

Әзірге ресми түрде қалалық операция басталғаны туралы мәлімет жоқ.

Израиль қорғаныс министрі Исраэль Кац сейсенбі күні таңертең жасаған мәлімдемесінде әскерлердің «заложниктерді босату және ХАМАС-ты жеңу үшін батыл күресіп жатқанын» айтқанымен, қалаға нақты кіргені туралы айтқан жоқ.

16 қыркүйек, 14:28

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.