
АҚШ Қорғаныс министрлігінің (Пентагон) 2026 қаржы жылына арналған ұлттық қорғаныс бюджеті жобасында Сирияда SDG атауымен әрекет ететін PKK/YPG террористік ұйымына және бірқатар топтарға «оқыту мен жабдықтауды қолдау қорынан» 130 миллион доллар бөлу қарастырылған. Жоба АҚШ Сенатында дауыс беруді күтуде, деп хабарлайды АА.
Негізгі шығындар баптары:
- 65 млн доллар – жалақыға;
- 15,6 млн доллар – оқыту мен қаруландыруға;
- 32,4 млн доллар – логистикалық қолдауға;
- 15,3 млн доллар – көлік пен нысандарды техникалық қызмет көрсетуге;
- 1,5 млн доллар – қосымша қызметтерге.
АҚШ Өкілдер палатасы 10 қыркүйекте 848 млрд долларлық жобаны қабылдаған. Сенатта қаралып жатқан нұсқада жалпы бюджет 924,7 млрд долларды құрайды, оның ішінде 130 млн доллар Сириядағы топтарға бөлінбек.
Өткен жылмен салыстырғанда Сириядағы топтарға бөлінетін қаржы 17 млн долларға азайды (2024 жылы – 156 млн, 2025 жылы – 147 млн).
Барлығы 2026 жылы ДАИШ-пен (ИГИЛ) күрес аясында:
- Иракқа – 213 млн доллар,
- Сирияға – 130 млн доллар,
- Ливанға – 15 млн доллар бөліну жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Пентагон PKK/YPG-ге оқ-дәрі мен жеңіл қарулар жеткізуді жалғастыратынын атап өтті. Егер қажетті шаралар қабылданбаса, ДАИШ қайта жанданып, аймақ пен АҚШ қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін екені ескертілді.
Ұлттық қорғаныс туралы заң жобасы Сенат комитеттерінде талқылаудан кейін 30 қыркүйекке дейін дауысқа шығарылуы тиіс.
В Атырау +4