Атырау, 5 желтоқсан 08:20
 бұлттыВ Атырау +4
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

NCOC-та өндірістік операциялар жөніндегі директор тағайындалды

345 рет қаралды

North Caspian Operating Company (NCOC) компаниясында өндірістік операциялар жөніндегі жаңа директор тағайындалды, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.

Бұл лауазымға Мейрам Шльденов тағайындалды. Ол – мұнай-газ саласында 35 жылдан аса тәжірибесі бар білікті маман. Ол 1964 жылы Атырау облысында дүниеге келген. 1986 жылы Қазақ политехникалық институтын «Мұнай және газ ұңғымаларын бұрғылау» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын Теңіз кен орнында бастап, «Теңізшевройл» құрылмай тұрып-ақ өндірістік процестерге араласқан. Кейін өндірістік бөлімшелерді басқарудан бастап, ірі жобаларды үйлестіруге дейін көтерілді. ТШО-ның негізгі жобаларына (WPMP/3GP/3GI) атсалысып, сондай-ақ Австралиядағы Gorgon LNG зауытын салу бойынша халықаралық жобаға қатысқан.

Өз қызметінде ол өнеркәсіптік қауіпсіздікті күшейтуге, кадрлық әлеуетті арттыруға және заманауи басқару тәжірибесін енгізуге ерекше назар аударады.

Қазақстан мұнай-газ саласының дамуына қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің медальдарымен, KazEnergy марапаттарымен және ТШО басшылығының алғыс хаттарымен марапатталған.

16 қыркүйек, 09:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.