Атырау, 5 ақпан 00:56
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 498.65
€ 589.06
₽ 6.49

​Атырау облысында 59 жол-көлік оқиғасы адам өмірін қиды

Бейнежазба
476 рет қаралды
Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха, трансляциядан алынған стоп-кадр.

Бұл туралы Ішкі істер вице-министрі Игорь Лепеха мәлімдеді.

Бүгінгі үкімет отырысында жол қозғалысының қауіпсіздігін және жаяу жүргіншілерді қорғау мәселесі қаралды. ҚР ІІМ дерегінше, 2025 жылдың алғашқы 8 айында 22 501 жол-көлік апаты тіркелген. Сол апаттарда 1 446 адам қайтыс болып, 30 929 адам жарақат алған.

Вице-министр полицияның осы бағыттағы күш-жігері жеткіліксіз екенін мойындап, жауапкершіліктің бір бөлігін әкімдіктерге аударды. Лепеха атап өткен 12 өңірдің ішінде «өлімге әкелетін» апаттар бойынша көшбасшылар: Алматы облысы (235), Түркістан облысы (194) және Жамбыл облысы (140). Атырау облысында осы кезеңде 59 өліммен аяқталған жол-көлік оқиғасы болған.

Вице-министр жол қауіпсіздігі саласындағы негізгі проблемаларды атап өтті:

  • Патрульдік және қызметтік автокөліктің жетіспеушілігі;

  • Жүргізушілерді даярлаудың сапасы;

  • Жол инфрақұрылымының жағдайы;

  • Көліктің техникалық жағдайы.


15 қыркүйек 2025, 18:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.