Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраулық отбасы ​​«Dihan» брендімен жыл сайын мыңдаған тонна көкөніс өндіреді

388 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырау облысында «Отбасы» шаруа қожалығы жылына мыңдаған тонна көкөніс өндіреді. 2019 жылдан бері егін шаруашылығымен айналысып келе жатқан қожалық қазіргі таңда Атырау халқын сапалы әрі қолжетімді көкөніспен қамтамасыз етіп отыр.

Қожалыққа қарасты «Ардагер» жылыжайында жарты гектарға 11,7 мың түп қызанақ және тағы жарты гектарға 12 мың түп қияр егілген. Дамбы тасжолының бойындағы Зарослый ауылында 10 гектар егістік пен 1 гектар жылыжайда қияр, қызанақ, баклажан, шпинат, пекин қырыққабаты, аскөк пен салат жапырақтары және басқа да көкөністер өсіріледі. Ал Махамбет ауданына қарасты Карманов ауылындағы 60 гектарлық егіс алқабында сәбіз, қырыққабат, картоп және қызылша отырғызылған.

«Отбасы» шаруа қожалығы өндірген өнімдер «Dihan» брендімен қаладағы 10 дүкенге жеткізіліп, тұрғындарға тікелей қолжетімді бағамен ұсынылады.

15 қыркүйек, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.