Атырау, 4 ақпан 13:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -10
$ 503.44
€ 593.35
₽ 6.55

​Атырауда мұнай-газ химиясында жергілікті қамтуды дамыту талқыланды

414 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырауда қуаттылығы жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысы аясында «Жергілікті құндылық – ортақ даму» форумы өтті.

Іс-шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов және 500-ден астам қазақстандық компания өкілдері қатысты.

Форумды «Силлено» ЖШС, Tecnimont (MAIRE) және Sinopec Shanghai Engineering Corporation (SSEC) ұйымдастырды.

– «Силлено» полиэтилен зауыты өңір экономикасына жаңа серпін беріп, жергілікті кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттырады әрі жаңа жұмыс орындарын ашады. Жергілікті қамтуды дамыту – біздің басты басымдықтардың бірі, – деді Марат Мурзиев.

Форум барысында «Силлено» компаниясы Мұнай-газ машина жасау саласын дамытуға арналған халықаралық орталыққа қосылу туралы келісімге қол қойды. Бұл қадам қазақстандық өндірушілерге жаңа мүмкіндіктер ашпақ.

Сондай-ақ EPC-мердігерлердің бірі – италиялық Tecnimont қазақстандық түлектерге арналған арнайы білім беру бағдарламасын іске қоспақ. Жоба аясында төрт жыл ішінде техникалық оқыту жүргізіліп, үздік түлектерге Атыраудағы зауытта жұмыс істеу мүмкіндігі ұсынылады.

15 қыркүйек 2025, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.