
Құрманғазы ауылындағы Ә. Жангелдин, Х. Испуллаев және М. Гилаев көшелеріндегі 1,5 шақырым жылу құбыры ағымдағы жөндеуден өтті. Аудандағы көппәтерлі 67 тұрғын үйдің 12-сі орталық жылу қазандығына қосылса, қалған 55 үй автономды жүйемен жылытылады, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Руслан Сиражовтың айтуынша, Құрманғазы ауданында барлығы 153 әлеуметтік нысан бар. Оның ішінде 56 білім беру мекемесі, 49 мәдениет ұйымы, 28 денсаулық сақтау нысаны, 19 ауылдық округ нысандары және бір орталық жылу қазандығы қамтылған.
ҚР Энергетика министрлігінің талаптарына сәйкес, нысандардың дайындық паспорттары тамыз-қыркүйек айлары аралығында рәсімделеді. Әлеуметтік нысандарға жылу 1 қазаннан, көпқабатты тұрғын үйлерге 15 қазаннан беріле бастайды.
В Атырау +2