Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда ​«Учаске» акциясы барысында ​300-ден астам экологиялық құқық бұзушылық тіркелді

272 рет қаралды

Қазір республикада өтіп жатқан «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен «Таза Қазақстан» акциясы аясында Атырау облысында табиғатты қорғау, тазалық сақтау және елді мекендерді абаттандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

Іс-шара басталғаннан бері облыста 300-ден астам экологиялық құқық бұзушылық анықталды. «Таза Қазақстан» акциясы кезінде 6 000-нан астам құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде 3 189 адам қоғамдық орындарды ластағаны үшін әкімшілік жауапқа тартылды, ал қалалар мен елді мекендерді абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 2 965 хаттама толтырылды.

Сонымен қатар заңсыз қоқыс тасымалдаған 70 жүк көлігіне шара қолданылды. Белгіленбеген жерге лас су төккені үшін 96 вакуум көлігінің жүргізушісі әкімшілік жауапқа тартылды.

Полиция тұрғындарды табиғатты қорғауға, тазалықты сақтауға және құқық бұзушылыққа жол бермеуге шақырады.

15 қыркүйек, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.