
АҚШ Президенті Дональд Трамп қажет болған жағдайда астанасы Вашингтонда төтенше жағдай жариялауға дайын екенін айтты, деп хабарлайдыАА.
Бұл мәлімдеме астана мэрі Мюриэль Боузер АҚШ-тың иммиграциялық және кеден полициясы (ICE) арқылы заңсыз миграция мәселелері бойынша ынтымақтаспайтынын жариялағаннан кейін жасалды.
Трамп американдық әлеуметтік желі Truth Social-де жазғандай, оның басқаруымен федералдық үкімет астананы жайлаған «толық қылмыстық хаосқа» араласты. Нәтижесінде Колумбия округі «АҚШ-тағы және әлемдегі ең қауіпті және кісі өлтірулерге толы қалалардың бірі» санатынан «бірнеше апта ішінде» ең қауіпсіз аймақтардың біріне айналды.
Президенттің айтуынша, «Мюриэль Боузер, бірнеше жыл бойы біздің астананы зорлық-зомбылық арқылы басып алынғанын бақылап келген мэр, федералдық үкіметке Астаналық полиция департаменті енді ICE-пен қауіпті заңсыз мигранттарды депортациялау және көшіру мәселесінде ынтымақтаспайтынын хабарлады. Егер мен бұған жол берсем, қылмыстық әрекеттер жаңа күшпен оралады! Мен бұған мүмкіндік бермеймін. Қажет болса, төтенше жағдай жариялап, федерализацияға жүгінемін», – деді Трамп.
В Атырау +4