
15 қыркүйек күні таңертең Каспий теңізінде жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясы жанындағы Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы хабарлады.
Дүмпулер Атырау уақытымен сағат 08:40-та болған. Жер сілкінісінің магнитудасы – 4,0. Эпицентр координаттары: 40.60 N, 51.83 E. Гипоцентр тереңдігі – 76 км.
Дайындаған Жомарт ӘМІРХАНОВ
В Атырау +2