Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атырауда «стоматология ісі» бойынша ұсталушыға адвокатты кіргізбей отыр

315 рет қаралды

Атырауда зейнетақы жинақтарын стоматологиялық клиникалар арқылы қолма-қол ақшаға айналдыру ісіне қатысты жанжал жалғасуда.

Адвокат Айдос Кенжебековтың айтуынша, Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері үш сағат бойы оны ұсталған клиентіне кіргізбей қойған.

«Түрлі сылтаумен мені кіргізбей отыр. Адамды ұстап, үйінен алып кеткен. Мен оның жағдайын білуге, тергеу барысында қатысуға және іс материалдарымен танысуға міндеттімін. Бұл – адам құқығын тікелей бұзу», – деді Кенжебеков.

Оның сөзінше, ЭТД қызметкерлері «тергеу-жедел тобы жиналыста» деген себеп айтқан.

«Бірақ бұл – қорғау құқығын бұзуға негіз бола алмайды. Ұсталған сәттен бастап әрбір азаматтың адвокатқа құқығы бар. Ал бұл жерде әдейі кедергілер жасалып жатыр», – деп атап өтті ол.

Еске салсақ, соңғы күндері Атырауда «стоматология ісі» бойынша жаппай ұстаулар жүріп жатыр. Дереккөздердің мәліметінше, күдіктілер саны 50 адамнан асуы мүмкін. Тергеу тек емхана иелерін ғана емес, делдалдар, есепшілер мен кеңсе қызметкерлерін де қамтыған.

Айгүл МАНСУРОВА

15 қыркүйек, 11:26

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.