
Атырау қаласының прокуроры Руслан Айтимовтің қызметінен кеткені белгілі болды, деп хабарлайды «Ақ Жайық» дереккөздері.
Дүйсенбіден бастап оның орны бос, уақытша міндетін Ерлан Какиев атқарады.
44 жастағы Айтимов 2023 жылдың қаңтарында қала прокуратурасына басшылыққа келген еді. Ол өз еңбек жолын прокурордың көмекшісі қызметінен бастаған.
Оның жұмыс барысында Атырауда бала өліміне қатысты резонансты істің бірнеше үкімі шықты. Сондай-ақ мектептер мен колледждерде тексерістер ұйымдастырылып, бірқатар заңбұзушылықтар анықталды. Алданған үлескерлердің құқығын қорғаумен айналысты. Прокурор қала әкімдігі ғимаратында бір құрылыс салушының қамауға алынуына қол жеткізген болатын.
Руслан Айтимовтың алдағы қызмет орны әзірге белгісіз.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +2