
Атырауда республикалық «Құқық тәртібі» атты жедел-профилактикалық іс-шара барысында патрульдік полиция Hyundai маркалы автокөлікті тоқтатты. Көлік қозғалысы күдік туғызған.
Тексеру нәтижесінде 23 жастағы жүргізушінің есірткіге масаң күйде көлік тізгіндегені анықталды. Жүргізушіге ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттама жасалып, көлік арнайы тұраққа қойылды, іс материалы мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.
Облыстық полиция жүргізушілерге алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару заң бұзушылық болып саналады және тек жүргізушіге ғана емес, жолдағы басқа адамдардың өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіретінін ескертеді.
В Атырау +4