
9 қыркүйек күні Исатай ауданына қарасты Забурын ауылы маңындағы Каспий теңізі акваториясында қайғылы оқиға болды.
"Ак Жайық" тілшісі анықтағандай, балық қорғау инспекторларының қуғыны кезінде қайықтағы ер адамдардың бірі есінен танып, көп ұзамай қайтыс болған.
Алдын ала деректерге сәйкес, өлімге жүрек-қантамыр жеткіліксіздігі себеп болған. Дегенмен нақты қорытындыны сараптама анықтайды.
Марқұмның денесін қалаға жеткізуге әрекет жасалғанымен, жолда полиция қызметкерлері қайықты тоқтатқан. Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізілуде.
Облыстық балық инспекциясы бұл жағдай бойынша расталған ақпараттың жоқ екенін атап өтті.
«Бұл – жалған мәлімет. Егер шынымен осындай жағдай болса, барлығы хабардар болар еді. Адам өлімі – үлкен қасірет, туыстары да мұны назардан тыс қалдырмас еді», – деді ведомство өкілдері.
Ресми түсініктемелер әзірге берілген жоқ.
Айгүл МАНСУРОВА
В Атырау +4