
Абай облысында балалар шығармашылығын дамытуға бөлінген бюджет қаржысын жымқырғаны үшін мектеп директоры шартты түрде сотталды.
Қаржы мониторингі агенттігінің Абай облысы бойынша департаменті «Damu Bala» платформасы арқылы мемлекеттік бағдарламаны іске асыруға бөлінген қаражатты жымқыру фактісі бойынша тергеуді аяқтады.
Тергеу нәтижесінде «SAMGAU өнер&спорт мектебі» ЖШС директоры балалар шығармашылығы мен спорт секцияларын жан басына қаржыландыру бағдарламасын пайдаланып, сабаққа қатысу жөнінде жалған мәліметтер ұсынғаны анықталды.
Есептерде көрсетілген кейбір балалар шын мәнінде сабақтарға қатыспаған, тіпті кейбіреуі өздерінің бағдарламаға тіркелгенінен мүлде бейхабар болған. Мысалы, бір бала Алматы облысында тұрады, ешбір үйірмеге қатыспайды, бірақ Абай облысындағы бейнелеу өнері үйірмесінің қатысушысы ретінде көрсетілген.
Тергеу барысында мемлекетке келтірілген 23 млн теңге күдікті тарапынан толық өтелді. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 6 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
В Атырау +2