Атырау, 5 желтоқсан 19:47
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

ДДҰ сарапшылары Атырауда экология мен денсаулық мәселелерін зерттейді

391 рет қаралды
Сурет: ӨКҚ

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің бастамасымен өңірге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сарапшыларының делегациясы келді. Сапардың негізгі мақсаты – адамдардың денсаулығына әсер ететін факторларды экологиялық тұрғыда зерттеу бойынша бірлесе жұмыс жасау және кеңесу.

Делегация құрамына ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Робб Батлер, Қазақстандағы ДДҰ кеңсесінің жетекшісі доктор Сыла Скэндер, қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Лаура Өтемісова, сондай-ақ ДДҰ-ның Еуропалық орталығының қоршаған ортаны қорғау және денсаулық саласындағы өкілдері Нетаньяху Синая, Ирина Застенская және Пьерпаоло Муду кірді.

Серік Шәпкенов өңірде экология мен халық денсаулығын сақтау мәселелеріне ерекше мән берілгенін атап өтіп, халықаралық сарапшылардың қатысуы бұл жұмыстарды күшейтетінін айтты. ДДҰ өкілдері ынтымақтастыққа, тәжірибе алмасуға және ғылыми-әдістемелік қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді.

Кездесу барысында тараптар бірлескен зерттеулер жүргізу перспективаларын талқылап, халықаралық тәжірибелерді енгізу және Атырау облысындағы экологиялық жағдайды жақсарту жолында нақты шешімдер әзірлеуді келісіп алды. Сонымен қатар зерттеудің тәртібі, кезеңдері мен мерзімін айқындайтын жол картасын жасау шешілді. Әкімдік пен мемлекеттік органдар зерттеулердің сапалы жүргізілуі үшін қажетті деректермен қамтамасыз етуге дайын.

ДДҰ сараптамалық зерттеулері жоғары ғылыми дәлдігімен ерекшеленеді. Нәтижелері адам денсаулығына қауіпті факторларды анықтап, оларды азайтатын тиімді шараларды жоспарлауға мүмкіндік береді және денсаулық сақтау саласындағы саясат пен мемлекеттік шешімдерге негіз бола алады.

12 қыркүйек, 13:06

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.