Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Қостанай облысында полицейлер 54 тонна бидай ұрлығын әшкереледі

218 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Қостанай облысында полицейлер 54 тонна бидай ұрлығын әшкереледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысында полицейлер ірі көлемдегі ұрлықтың жолын кесті. Қаскөйлер жаңа өнімнен 54 тонна бидайды ұрлап кеткен. Барлығы "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы аясында жүргізілген рейд кезінде анықталды. Жергілікті учаскелік инспектор Мейірбек Нұргелдин мен полиция бөлімі бастығының орынбасары Серік Бикетбаев Әулиекөл – Диев тасжолында тіркемесі бар КамАЗ жүк көлігін тоқтатты.

Жүкке қатысты құжаттар күдік тудырды, ал жүргізуші астықтың қайдан алынғанын және қайда жеткізіліп жатқанын нақты түсіндіре алмады. Жүк көлігі полиция бөліміне жеткізілген соң, бидайдың "Диев агрофирмасы" аумағынан ұрланғаны анықталды. Кейінірек Аманқарағай ауылындағы алдын ала жалға алынған қоймадан үш күн бұрын шығарылған ұрланған бидай табылды.

11 қыркүйек, 16:31

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.