Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Атыраудағы теміржол вокзалының реконструкциясы қыркүйекте басталады

Бейнежазба
317 рет қаралды
"АЖ" коллажы. Видеодан стоп-кадр

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов нысандарды аралау барысында теміржол вокзалында болып, қайта жаңғырту жобасымен танысты.

Қазіргі уақытта мердігер мекемемен келісімшарт жасалып, арнайы техникалар жеткізілуде. Құрылыс жұмыстары осы айда басталуы жоспарланған.

Сонымен қатар облыстағы тағы сегіз теміржол вокзалында реконструкция жүргізілуде. Бұл нысандар негізінен 1960–1970 жылдары салынған: Сағыз – 1972 жылы, Мақат пен Доссор – 1966 жылы, Аққыстау – 1972 жылы, Ганюшкино мен Мұқыр – 1970 жылы, Исатай мен Жамансор – 1976 жылы. Көпшілігіне соңғы күрделі жөндеу 2004 жылы жасалған. Атырау вокзалы соңғы рет 2015 жылы жөндеуден өткен.

Жаңғырту жобалары тозығы жеткен инфрақұрылымды жаңартуға және жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған.


11 қыркүйек, 11:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.