Атырау, 5 желтоқсан 20:48
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды

172 рет қаралды

Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігінде көзделген қылмысты – лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр. Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген. Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.

11 қыркүйек, 10:03

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.