Атырау, 15 шілде 15:33
 дождьВ Атырау +32.5
$ 468.88
€ 534.10
₽ 6.04

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндірді деген күдікпен 19 шетелдік азамат ұсталды

407 рет қаралды
Фото: polisia.kz

ШҚО-да қымбат металдарды заңсыз өндіргені үшін 19 шетелдік азамат ұсталды, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция заң тәртібіне ғана емес, аймақ экологиясына да қатер төндірген қылмыстық әрекеттің жолын кесті. “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Шығыс Қазақстан облысының полицейлері пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісін анықтады.

Облыстың бір ауданында 19 шетелдік азамат пен Өскемен қаласының 2 тұрғыны ұсталған. Қымбат металлдарды өндіруге арналған экскаваторлар, бульдозер, ұсатқыш қондырғылар және басқа да жабдықтар, сондай-ақ құрамында алтын мен басқа да бағалы компоненттердің белгілері бар металл бұйымдары тәркіленді.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу барысында құқыққа қарсы әрекетке қатысы бар болуы мүмкін 20-дан астам адам тексерілуде. Дәлелдер жиналып, қажетті сараптамалар тағайындалды, істің барлық мән-жайын анықтау шаралары қабылдануда.

11 қыркүйек 2025, 10:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.