Атырау, 5 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Тарифтерді басқару бойынша жаңа цифрлық сервис іске қосылды

184 рет қаралды

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі энергия өндіруші ұйымдардың тарифтік өтінімдерін қарау үдерісін автоматтандыруға арналған жаңа цифрлық сервисті пилоттық режимде іске қосты. Жүйе электр энергиясына шекті тарифті бекіту процессін толық цифрландыруға мүмкіндік береді.

Жаңа сервис энергия өндіруші ұйымдарға өтінімдерді электрондық форматта, қағазсыз ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл құжат айналымын азайтып, өтінімдерді қарау және бекіту процесін жеңілдетеді және жылдамдатады. Жүйе өтінім беруден бастап соңғы шешім қабылдауға дейінгі толық циклді қамтиды. Құжаттарға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы қол қою мүмкіндігі қарастырылған. Шекті тариф 7 жыл мерзімге бекітіледі.

Министрлік жаңа жүйенің енгізілуін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және бюрократияны азайту бағытындағы маңызды қадам деп бағалайды. Сервис құжат айналымының заңды күшін сақтай отырып, саладағы процестердің ашықтығы мен тиімділігін арттырады. Болашақта сервисті пайдаланушылардың ұсыныстары мен жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы жетілдіру жоспарлануда.

Айта кетейік, жоба Отын-энергетика кешенін цифрландыру картасы аясында әзірленіп, Энергетика министрлігі жүзеге асырып отырған EnergyTech платформасына интеграцияланған.

10 қыркүйек, 13:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.