Атырау, 5 желтоқсан 20:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Павлодарда полиция алаяқтық схемаларда пайдаланылған SIM-box жабдығын тәркіледі

178 рет қаралды
Фото: polisia.kz

Павлодарда полиция алаяқтық схемаларда пайдаланылған SIM-box жабдығын тәркіледі, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласындағы пәтерлердің бірінен арнайы жабдық пен телефон карталары қойылған жасырын кеңсе анықталды. Тергеу барысында облыс орталығының 30 жастағы тұрғыны биылғы жылдың 12 маусымынан бастап SIM-box құрылғысын қолданғаны белгілі болды. 

Күдіктінің негізгі міндеті – SIM-карталарды тіркеп, оларды SIM-box-қа орнату болған. Тінту кезінде тәртіп сақшылары 32 слотты SIM-box құрылғысын, MikroTik желілік трафикті басқару құралдарын, ұялы телефондар мен ноутбукті тәркіледі. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Күдікті Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.


10 қыркүйек, 12:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.