Атырау, 5 желтоқсан 21:49
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

Ақтаудың прокуроры "масаң күйде бұзақылық" жасағаны үшін Алматы әуежайында ұсталды

480 рет қаралды

Бірқатар дереккөздердің хабарлауынша, Ақтау қаласының прокуроры, аға әділет кеңесшісі Ерболат Әбдіров ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаментінің ЖПБ қызметкерлерімен Алматы әуежайында ұсталды.

Оқиға ол демалыста жүргенде, Астанадан ұшып келген кезде болды.

Хабарланғандай, оны "масаң күйде бұзақылық" жасағаны үшін ұстаған. 1977 жылы туған Әбдіровке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы, 1-бөлігі ("Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу") және ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі ("Ұсақ бұзақылық: қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiп пен жеке тұлғалардың тыныштығын бұзатын басқа да әрекеттер") бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

9 қыркүйек, 15:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.