
Көкшетау – Рузаевка республикалық трассасында СҚО Айыртау ауданының полиция қызметкерлерінің қатысуымен жол апаты болды, деп хабарлайды HALYQSTAN.
Жедел түрде берілген мәліметтер бойынша, оқиға 9 қыркүйек күні таңертең сағат 5:55-те болған. Полицейлер жолдан бұрылып келе жатып рульді басқара алмай, жолдан шығып кеткен. Екеуі де жарақат алды.
Зардап шеккендердің біріне медициналық көмек көрсетілгеннен кейін үйіне жіберілді — оның денесі көгеріп, шамалы жарақат алған. Полицияның екінші қызметкері Петропавлдағы ауруханаға жатқызылды. Оның саусақтары сынған және басынан жарақат алған, жағдайы ауыр деп бағаланып отыр.
Полицияның берген алдын ала мәліметтері бойынша екеуі де сау, ішімдік қолданбаған.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Солтүстік Қазақстан облысында осыған ұқсас қызмет бабында жүргенде болған жол апатында полицияның екі қызметкері қаза тапты — ол кезде олардың да көлігі жолдан шығып, арыққа түсіп кеткен.
В Атырау +2