
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Ақорда.
Қ.Есекеев 1975 жылы 10 маусымда Алматы қаласында туған.
Білімі: 1995 ж.Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің қолданбалы математика мамандығы бойынша бітірді.
2001 – 2002 Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясында менеджмент мамандығына оқыған.
«Қазақойл» ЖАҚ-ының, «Қазақстан темір жолы» РМК-інің ақпараттық технологиялар департаменттерін басқарды.
2002 жылы мемлекеттік қызметке келді. Қаржы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрліктерінде департамент директоры қызметінде ақпараттандыру мәселелеріне жетекшілік етті.
2004 ж. мамырдың 13 бастап Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары болып тағайындалды.
2006 ж. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасы болып тағайындалды.
2010 жылдан - «Қазақтелеком» АҚ басқармасының төрағасы.
2024-2025 жылы ҚР президентінің кеңесшісі.
В Атырау +2