Атырау, 5 желтоқсан 21:51
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +2
$ 499.65
€ 582.89
₽ 6.47

​Астанада жолды бөлісе алмаған төрт жүргізуші бостандығынан айырылды

332 рет қаралды

Елорда прокуратурасы қоғамдық орындардағы ұсақ бұзақылық үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы еске салды.

2025 жылғы 18 мамырда сағат 15.29 Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында жүргізушілер арасында қоғамдық орында төбелеске ұласқан жанжал болған. Жанжалдың себебі – құқықбұзушылар жолды бөліспеген. Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін сот қаулысымен олар 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Тағы бір жағдайда Қорғалжын тас жолында екі жүргізуші арасында жанжал шыққан. Нәтижесінде төбелес болған. Екі құқықбұзушы 15 тәулікке қамауға алынды.

Елорда прокуратурасы қоғамдық орындарда ұсақ бұзақылық жасау және басқаларды құрметтемеуді білдіретін, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын осыған ұқсас заңсыз әрекеттер 30 тәулікке дейін қамауға алуға әкеп соғатынына назар аударады.

9 қыркүйек, 14:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.